Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Білім министрі Аяз атаның соңынан жүгірген ШҚО-дағы баланы құттықтады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алтай қаласының көшелерімен Аяз атаның соңынан жүгірген Шығыс Қазақстан облысының оқушысын құттықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / Білім министрі Аяз атаның соңынан жүгірген ШҚО-дағы баланы құттықтады
Фото:
ШҚО Білім басқармасынан

Әлеуметтік желіде тараған видеоның кейіпкері Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы №6 орта мектептің үшінші сынып оқушысы Дмитрий Головен болып шықты.

Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына хат жолдады. Онда ол Дмитрийдің жыл бойы мұқият оқып, тек төрт пен бес деген баға алғанын атап өтті. Үшінші сынып оқушысының Аяз атамен кездесуі өтті. Министр оқушыға әрдайым батыл болып, ата-аналар мен мұғалімдерді қуантуды, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуді тіледі. Алдағы Жаңа жылдың құрметіне орай Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлады және алдағы демалыс кезінде мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді. Сондай-ақ, бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды. Министрдің оқушымызға жолдаған хатының мәтінін жариялап, бізде құттықтауға қосыламыз!

Құрметті Дмитрий! Қала көшелерін аралап жүрген Аяз Атамен өте қатты кездескің келгенін байқатқан видеоны көрдім. Сіздің жыл бойы төрт пен беске оқығаныңызды анықтап білдім. Сондай-ақ ұстаздарың сіздің өте белсенді, жауапкершілігі мол бала екеніңізді айтты. Маған Аяз Атаның артынан жүгіргеннен кейін, сіз үшін онымен кездесу ұйымдастырылды және сіз сыйлық пен тәттілерді алдыңыз деп хабарлады. Құрметті Дмитрий! Мен де сізді Жаңа жылыңызбен құттықтағым келеді! Әрқашан да батыл бол және алға қойған мақсаттарыңа қол жеткіз! Жақсы оқып, ата-анаңды, ұстаздарыңды қуанта бер. Ал біз сіздердің сапалы білім алуларыңызға барлық жағдайды жасаймыз. Алда қысқы демалыс, сол себепті, мереке қарсаңында саған жаңа жылдық сыйлық ретінде тәттілер мен кітаптар табыстағым келеді. Қысқы демалыс кезінде көп оқитындығыңа сенімім мол. Білімді арттыру мен дамытуда кітаптың алатын орыны өте жоғары, және де мен еліміздің барлық оқушыларына кітап оқуға кеңес беремін. Келе жатқан Жаңа жылыңызбен! - деді Асхат Аймағамбетов.

Следующая →