ШҚО бизнес-қоғамдастығының өкілдері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай марапатталды
"Атамекен" ҰКП мен ӨКП басшылығы өңірдің іскерлік ахуалын жақсартуға елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерге марапаттар табыстап, ризашылықтарын білдірді
Аймақ кәсіпкерлері әрқашан іскерлік белсенділігімен, жетілген азаматтық ұстанымымен және бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілігімен ерекшеленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстан кәсіпкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етіп, 2021 жылы тапсыру рәсімі еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп тұрғандығын атап өтті.
Сіздерді дәстүр бойынша басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында берілетін жоғары мемлекеттік наградалармен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біз еліміздің қалыптасуына бірге үлкен үлес қостық. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз салаларыңызға үлес қостыңыздар, сіздер біз мақтан тұтатын нағыз батырларсыздар. Жеке өз атымнан сіздерге зор денсаулық, табыс және бақыт тілеймін, - деп атап өтті құттықтау сөзінде Тимур Құлыбаев.
Шығыс Қазақстан облысында жоғары марапатқа "Рауан" ПКП " ЖШС басшысы Әлия Адамова ие болды. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Маратқызына "Атамекен" ҰКП атынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс етті.
Менің еңбегімді мемлекет байқағанына және осындай марапат маған берілгеніне өте қуаныштымын. "Атамекенге" көрсеткен көмегі үшін, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Нұржанұлына үлкен алғысымды білдіремін. Палата қарапайым шағын кәсіпорындарға, атап айтқанда, біздің кәсіпорындарға көмек көрсеткені өте қуантады. Менің қызметкерлеріме рахмет, ұжымсыз бұл марапаттау болмас еді! - Әлия Адамова алғыс сөздерін жеткізеді.
"Рауан" ПКП-да 24 адам, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар бірнеше адам еңбек етеді. Кәсіпорын дуалды оқыту бағдарламасының қатысушысы болып табылады және Өскемен қызмет көрсету саласы колледжімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, мүгедектігі бар студенттерді жұмысқа тартады. Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен "Рауан" мекемесі бірлесіп "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "бірінші жұмыс орны" және "Жастар тәжірибесі"жобалары бойынша жұмыс істейді.
ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен кәсіпорында оқу орталығы ашылды, онда 2021 жылы 20 модельер-пішушілер табысты оқытылды. Қазір олардың барлығы басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды, немесе ЖК ашты, немесе "Рауан"ПКП жұмыс істеуге қалды.
Біз Отанымыздың игілігі үшін, мысалы, пандемияға қарсы жұмыс істегендей, демалыссыз жұмыс істеуге тырыстық және тырысамыз – біздің барлық қызметкерлеріміз бұрын ештеңе болмаған кезде дәрігерлерге арналған маскалар, халаттар, костюмдер тікті. Мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар көбірек болса деймін, жұмыста тұрақтылық болуы үшін, біз не нәрсеге ұмтылу керектігін, қанша қажет екенін білуіміз үшін. Сондай-ақ, жастармен дуальды оқыту жүйесі бойынша жұмысты жалғастырамыз, ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжімен, халықты жұмыспен қамту орталығымен тығыз ынтымақтастықта кадрларды дайындаймыз, – деп Әлия Маратқызы алдағы жоспарларымен бөлісті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен әріптестік қарым-қатынастардың қалыптасуына қосқан зор жеке үлесі және табысты ынтымақтастығы үшін құрмет грамоталарымен "Регистан" дәмханасы желісінің директоры Рустам Адамов, "Асфарм" ЖШС директоры Зәуре Көшербаева, "Лада" бала бақшасы" ЖШС директоры Владимир Бельков, "Isnar" ЖШС директоры Залина Батылғазина, "Оскар" ЖК директоры және "Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Асқар Оразбаев, "Шығыс АжарТорг" ЖШС директоры Жанаргүл Жұмағалиева, ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен әріптестік қарым-қатынастың қалыптасуына қосқан жеке үлесі және табысты ынтымақтастығы үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен "Крипто" ЖШС Татьяна Лемина, "Восток-Котлы" ЖШС директоры Наталья Гуслякова, "Темірбетон комбинаты" ЖШС директоры Александр Бородин, "Багратион" ШҚ басшысы Александр Воропай, "Өскемен май зауыты" ЖШС директоры Тельман Мухаметкаиров, "Qazaq Astyq Group" ЖШС директоры Еркінбек Дускужанов марапатталды.
Біз өз ісін табысты дамытып қана қоймай, сондай-ақ халықтың осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету үшін әрдайым мүмкіндіктер табатын кәсіпкерлеріміздің еңбегі мен жетістіктерін мақтан тұтамыз. Пандемияның ауыр кезеңінде олар көңіл-күйлерін түсірмеді және қолдарын созбады, бірақ өздерінің кәсіпкерлік бастамаларын дамытуда қарқынын арттыруды жалғастырды. Сонымен қатар, олар әлеуметтік өмірге белсенді қатысады, бизнес-ахуалды жақсарту идеяларын алға тартады және кәсіпкерлік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынады. ШҚО Палатасының атынан барлық Шығыс Қазақстан кәсіпкерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтаймын және алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, одан әрі дамып, бақ-береке тілеймін! Келесі жыл бәрімізге тек жағымды жаңалықтар берсін! - деп құттықтады ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.