Өскеменде екі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Осы сенбіде, 20 қараша күні Тарбағатай және Жарма аудандарының тұрғындары жәрмеңкеде төмен бағамен өнімдерін ұсынады
Демалыс күнгі жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, көкөністер, бал, балық және т.б. өнімдер ұсынылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, таңғы сағат жетіде "Фреш Маркет" дүкенінің жанында Тарбағатай ауданының тұрғындары, ал "Дос-Нар" СҮ жанында Жарма ауданының тұрғындары өз өнімдерін ұсынады.
Айта кетейік, ШҚО-ның түрлі аудандары мен қалаларынан келген ауыл шаруашылығы тауарларының сенбілік жәрмеңкелері желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.