ШҚО оқушылары із-түзсіз жоғалған сарбаздарды іздестіреді
"Жарқын" іздестіру жасағы штабының ашылуы Серебрянск қаласының М.В. Инюшин атындағы №1 орта мектебінде өтті
Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді енді Серебрянск оқушылары іздейтін болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Біз хабарландыру бердік және бізді "ШҚО еріктілері" тобына енгізді, осылайша біз Павлодардың іздеушілеріне шықтық, - деп бөлісті Серебрянск қаласының №1 ОМ директоры Ирина Бесчалова. - Бізде Ресейдің іздеу жүйелерінің барлық мекенжайлары мен байланыстары бар. Бізде " Каһарман" әскери – патриоттық клубы бар, біз оның бөлімі ретінде "Жарқын" іздестіру жасағы болып жұмыс істейтін боламыз. Біз олардың туыстарын интернеттен іздейміз. Әзірге біз тек ҰОС ардагерлерін істестіреміз.
Іздестіру жасағының ашылуы М.В. Инюшин атындағы №1 мектеп қабырғасында салтанатты түрде өтті. Мектеп оқушылары үшін бұл ең алдымен өздерін өз елінің патриоты ретінде көрсетуге, ең бастысы – Отанын қорғап, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алуға мүмкіндік береді.