Өскеменнің жаңа бас жоспары бекітілді
Ел Үкіметінің қаулысымен облыс орталығының 2035 жылға дейінгі есептік іске асыру мерзімімен жаңа бас жоспары бекітілді
Оған сәйкес облыс орталығында үш миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй, жаңа мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, сондай-ақ емханалар пайда болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай - ақ, Жылу электр станциясын, ҚТҚ полигонын, қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарда бар, оны осы жылы тапсырып, Назарбаев даңғылын батыс бағыттағы ескі үйлерді бұзу есебінен түзету жоспарланған, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің Instagram парақшасында.