Қазақстанда жаңа туған нәрестені күту бойынша жәрдемақыны тез ресімдеуге болады
Енді бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Ол үшін мобильді қосымшаларға кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде "баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны" таңдау қажет.
- Барлық толтырылған деректерді міндетті түрде тексеріп, өтінішті растаңыз, - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет"МК ШҚ филиалының ақпараттық хабарламасында.
Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.
Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз. Бұған дейін жәрдемақыға өтінішті ХҚО, eGov.kz порталы немесе 1414 нөмірі бойынша SMS сервисі арқылы беруге болатын.