ШҚО-да қалың тұман және қатты жел күтіледі
ШҚО ТЖМ қызметкерлері облыс тұрғындарына сақтық шараларын сақтауға және ұзақ жолда аса сақ болуға кеңес береді
«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің шығысында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы тағы да ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Шығыс Қазақстан облысында 19 қазан 21.00-ден 20 қазан 21.00-ге дейін Өскемен, Семей, Риддер қалаларында екінші дәрежелі ауа-райы ескерту жарияланды, - деп хабарлайды ауа-райы қызметі.
Сонымен қатар, ертең облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жететін қатты жел күтіледі. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шығысқазақстандықтарға келесі сақтық шараларын сақтауға кеңес береді: Желдің екпіні қатты болған жағдайда, билбордтардың, аялдамалардың, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артына жасырынбаңыз. Көліктерді ағаштардың, билборд конструкцияларының, электр сымдарының астына қоймаңыз.
Дауыл туралы ескерту туралы ақпаратты Darmen мобильді қосымшасынан тез алуға болады. Төтенше жағдай туындаған кезде құтқару қызметіне 112 нөміріне хабарласу қажет.