Нұр-Сұлтанда екі келі есірткі тасыған күдіктіні ұстады
Күдіктінің көлігінен гашиш пен мефедрон салынған дорба табылған, енді ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Елордалық Полиция департаментінің тәртіп сақшылары есірткі сатпақшы болған 26 жастағы астаналықты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Полицейлер ұсталған азаматтың көлігін тінту кезінде өзіне тән иісі бар екі келі ұнтақты тапты.
- Пакетте шамамен бір жарым келі синтетикалық есірткі мефедроны мен бір келіге жуық гашиш болды, - деп хабарлады ҚР ІІМ.
Тәртіп сақшылары күдіктінің елордаға есірткі жеткізу схемасын әзірлеуге және енгізуге қатысуы мүмкін екенін де анықтады. Бұл фактілер бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, деп қосты полиция.
Следующая →