Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

5 желтоқсаннан бастап ҚР-да қалааралық маршруттарда электронды билеттер енгізіледі

Өзгерістер жүргізушілердің, оның ішінде таксидің жұмысына да әсер етеді, олар медициналық куәландырудан рейске немесе ауысымға шыққанға дейін кемінде 30 минут бұрын өтуі тиіс

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / С 5 желтоқсан в РК на междугородных маршрутах вводят электронные билеты
Фото:
В.Иванов / УстинкаLIVE

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 4 қазандағы бұйрығымен автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алған болса, онда электрондық жол жүру билеті немесе жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында сапарды пайдалану құқығы үшін жеткілікті негіз болып табылады, бұл ретте қағаз нысанындағы жол жүру құжаты берілмейді.

Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін Автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттіктер немесе электрондық билеттерді сату жөніндегі ақпараттық жүйелер қабылдайды және жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады, - делінген бұйрықта.

Жолаушыларды отырғызу билетте көрсетілген тегін, атын және әкесінің атын жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Өзгерістер жүргізушілердің, соның ішінде таксидің жұмысына да әсер етті. Олар рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан рейске шығуға немесе ауысымға дейін кемінде 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейін немесе жұмыс басталғанға дейін және таксимен жұмыс істегеннен кейін 30 минуттан кешіктірмей, оларға жол парағын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында ұсынуы тиіс.

Багаж түбіртегі жоғалған жағдайда сақтауға қабылданған багаж иесіне осы багаждың өзіне тиесілігі туралы дәлелдемелерді ұсына отырып, оның жазбаша өтініші бойынша беріледі. Бұл жағдайда оның жеке басын растайтын құжаттарға сәйкес иесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, қолхат арқылы жүргізіледі. Бұйрық 6 қазанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, 2021 жылдың 5 желтоқсанынан бастап.

Следующая →