Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай ауданында төрт ауыл ауыз сумен қамтылады

Өркениет ақыры шалғай аудандарға да келді - сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Четыре села получат доступ к воде в Катон-Карагайском районе
Фото:
В.Иванов/УстинкаLIVE

Катонқарағай ауданында су көп. Барлық дерлік үй шаруашылықтарында өз ұңғымалары бар. Алайда, ауыл тұрғындарына бұл аздық етіп отыр. Ал өркениеттің қол жетімді артықшылықтары - әр үйдегі қазандықтар мен кір жуғыш машиналар болғаны әр ауыл тұрғындарына арман. Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл бірден төрт елді мекенде орталықтандырылған су құбырларының құрылысы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мердігерлер жұмысты соншалықты белсенді түрде қолға алды. Тапсырыс берушінің айтуынша, аудандық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша, Солоновка және Шыңғыстай екі ауылында су құбырлары мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға беріледі. Тұрғындар күтіп, шұңқырлар, траншеялар және тәулік бойы жұмыс істейтін техника түрінде уақытша қолайсыздықтарға төтеп беруге дайын. Әсіресе Солоновкада, онда ауылдың атауын растай отырып, ұңғымалар мен құдықтардың суы теңіз суына ұқсайды.

Қолайсыздық? Қайда?

Менталитетке, шыдамдылыққа және ауыл тұрғындарының қиындықтарына философиялық көзқарасқа бас иемін. Әсіресе, Катонқарағай ауданы сияқты шалғай елді мекендерде. Мәселен, Солоновкада барлық көшелер қазылып, бомбалаудан кейінгі аймаққа ұқсайды, ауыр техника күндіз де, түнде де жұмыс істейді, адамдар еш демесетен сабыр сақтауда. Еңдігі Өскемендіктер болса журналистермен бірге қала әкімін көміп, шағымдарын қарша жаудырар еді. Ал мұнда бәрі көмектесуге дайын: қоршау кедергі келтірсе – жылжытуға , электр қуатын керек болса таратуға дайын. Адамдар жұмысшылардан көмек керек па сұрап, процеске қызығушылық танытып, кеңестерін береді. Қолайсыздықтардың уақытша екенін, ауыз судың өздері үшін керек екенінің түсініп, сабырлықпен қарауда.

Желілер әр үйдің дуалына дейін апарылады, - дейді Солоновка ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Руслан Алубаев. - Көптеген ауыл тұрғындары үйге төсеу үшін құбырлар сатып алды. Мұнда әрдайым су мәселесі болатын. Тұзды суды ішуде аса бір жағымды дүние емес. Сондықтан бөтелкедегі ауыз суды дүкендерден сатып алады. Көп ұзамай су орталықтандырылған, тазартылған және дезинфекцияланатынына бәріміз қуаныштымыз. 80% жұмыс орындалды.

Мұнда желілер мен су таратқыш стансаның құрылысына жалпы 578 миллион теңге бөлінген. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2022 жылдың күзі. Бірақ мердігерлер бұған дейін бітіруге кепілдік береді.

Асыға күтудеміз ауыз судың орталықтандырылған түрін, - деді Слоновка ауылының тұрғындары Күлпәш пен Мұрат Ошакпаевтар. - Су құбырымен өмір бірден жеңілдейді. Кір жуғыш машинаны әзірге қоса алмаймыз, суымыз біраз лай, тек қайнатып ғана пайдаланамыз.

Ал шеткі ауылдарда өркениет қарқынды дамуда

Аршаты ауылы Шығыс Қазақстан географиясы бойынша таулы және әдемі өлке. Әрі қарай ормандары мен жартастар, сондай-ақ шекара бар. Мамыр айында орталық су құбырының құрылысы басталды. Облыс орталығының мердігерлері 2021 жылдың желтоқсанына дейін жеті шақырымға жуық желі мен сорғы станциясын пайдалануға береді. Бұған күмәнданудың қажеті жоқ, Аршатада таңның атысы деп аталатын тек бір көше мен аллея бар. Айта кету керек, объектіде жергілікті тұрғындар да жұмыс істейді. Бұл өте маңызды, тұрақты табыс мұнда қиын.

Аршатта сумен жабдықтау схемасы келесідей қабылданды, - деп түсіндіреді құрылыс учаскесінің басшысы Айдар Абдуллин. - Жерасты су жинауынан су тиегіш сорғылармен әрқайсысының сыйымдылығы 100 текше метр таза су резервуарларына беріледі. Олардан су екінші сорғы станциясына ағады.

Бұл шалғай ауылдағы су құбырының құрылысына 370 миллион теңге бөлінді.

Жоспар бойынша Шыңғыстай және Топқайың ауылдарындағы су құбыры 2022 жылдың соңында тапсырылады, - деп атап өтті Катонқарағай ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Болат Молдабаев. - Оттықта төсеу жұмыстары енді ғана басталды, биылғы жылы 600 миллионнан 200 миллион теңге бөлінді. Шыңғыстайда жобаның жалпы құны-610 миллион, қазірдің өзінде 80% жасалды. Мердігерлер мерзімінен бұрын жасап жатыр, бұл қуантатың жағдай.

Сонымен қатар, биыл аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында және Катонқарағайда су құбырларының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. ЖСҚ-ға қаражат бөлінді. Келесі жылы олар осы жобаларды қаржыландыруға өтініш береді.
Фото:
В.Иванов/УстинкаLIVE
Следующая →