Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 20 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Биыл Шығыс Қазақстанда 20 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады

Облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова жаңа оқу жылы қарсаңындағы дайындық туралы баяндады. Маманның айтуынша, өңірдегі барлық мектеп медициналық маскамен, санитайзерлермен, антисептикалық кілемшелермен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді. 22 мыңнан астам мектеп, колледж және интернат ұйымдарының педагогтері вакцина алды. 
- Биылғы оқу жылында облыстың 647 жалпы білім беретін мектебінде 198 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балақайлардың саны 20 мыңға жуықтайды. Қазіргі уақытта 7 мектепте күрделі, ал 130 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады, - деді Сайрангүл Жұмаділова. 

Жаңа оқу жылында барлық оқушы оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етіледі. Ал шалғай ауылдарда тұратын 3 мың бала үшін арнайы мектеп автобустары қатынамақ. Осы мақсатта облыстық бюджет есебінен қосымша 26 көлік сатып алынған. 

Облыстың 584 мектебінде 196 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақ ішеді. Оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 37 мың баласы бар екенін айта кетейік. 

- Мектептерді жылу беру маусымына дайындау мәселесі жеке қаралды. Облыстағы 152 мектеп орталық жылу жүйесіне қосылған. Қалған 495 мекемеде жылыту автономды жүйеде. Олар үшін 90 мың тоннаға жуық қатты және 1,5 мың тонна сұйық отын, сондай-ақ 474 текше метр газ сатып алынды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес оқу жылының басында барлық мектеп қажетті отын қорымен қамтамасыз етіледі, - деді өңірдің бас педагогы. 

Сондай-ақ Сайрангүл Жұмаділова Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында өңірде 100 мектеп қайта жасақталып жатқанын хабарлады. Мәселен, жаңа оқу жылына 160 жаңа пән кабинеттері сатып алынады, мектеп жиһаздары мен асханаларға арналған жабдықтар жаңартылады, кітапхана қоры цифрландырылады және көркем әдебиеттер қоры толықтырылады.
Следующая →