Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда телерадио хабар таратуды уақытша тоқтатады

Жоспарланған профилактикалық жұмыс туралы ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінде хабарланды

Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператордың сайтындағы мәлімет бойынша, 2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Агенттік қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады: 193, +7 (727) 2 581 500 немесе abonent@otautv.kz электрондық поштасына жіберу.

Следующая →