Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда келісімшарт бойынша резервтегі әскери қызмет құрылуы мүмкін

Заң жобасындағы тұжырымдамада бейбіт уақытта көптеген елдер, Қазақстан сияқты, қарулы күштерді адам ресурстарымен қамтамасыз етудің аралас әдісін ұстанатындығы атап көрсетілген

Заң жобасындағы тұжырымдамада бейбіт уақытта көптеген елдер, Қазақстан сияқты, қарулы күштерді адам ресурстарымен қамтамасыз етудің аралас әдісін ұстанатындығы атап көрсетілгенҚорғаныс министрлігі кейбір заңнамалық актілерге резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы жобасының тұжырымдамасын әзірледі.

Заң жобасының мақсаты – Қарулы күштерді жұмылдыру кезеңімен қатар төтенше жағдай кезеңінде де әскери-оқытылған резервтегі адамдармен кепілді түрде толық жасақтауды регламенттеу.

Заң жобасына "резервтегі адам" ұғымы енгізілген. Резервтегі адам – ерікті түрде қорғаныс министрлігімен резервте әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан әскери міндетті.
- Украинадағы және Таулы Қарабақтағы оқиғалар Қарулы күштерді жұмылдырумен, әскери-оқытылған резервті даярлауға және олардың бар болуына, сондай-ақ шығынды толықтыру немесе жеке құрамды ротациялау үшін запастағы әскери қызметшілердің уақытылы келуімен байланысты бірқатар проблемалық мәселелерді анықтады. Сондықтан азаматтардың резервте қызмет өткеруін ұйымдастыру арқылы Қарулы күштердің әскери бөлімдерін адам ресурстарымен қамтамасыз етудің заманауи қағидаттарын қайта қарау қажеттігі туындайды, - делінген заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесінде.
Министрліктің ақпаратынша, уақыт өте запастағы әскери қызметшілер қызмет немесе әскери даярлық барысында алған дағдыларын ұмыта бастайды. Сондай-ақ жаңа қару-жарақ пен байланыс құралдарын меңгеруге уақыт талап етіледі, запастағы әскери қызметшілерден құрылатын бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру үшін де уақыт қажет.

Жиі өткізілетін жиындар запастағы әскери қызметшілерді даярлауға байланысты проблемаларды шешпейді, өйткені ол бес жылда бір рет өткізіледі және әскери міндеттілердің шектелген санын ғана қамтиды.

Жиындар мен оларға тартылатын адамдардың санын ұлғайту да жағдайды жақсартпайды, себебі кез келген жағдайда бес жылдан соң алған дағды ұмытыла бастайды.
- Осыған байланысты Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің 2021 жылғы 19 мамырдағы шешімімен резервтегі қызметті енгізу мақұлданды. Бейбіт уақытта Қарулы күштерді ұлғайтпай, резервтегі әскери қызметті құру әскери міндеттілердің белгілі бір санын алуға мүмкіндік береді, олар толық немесе ішінара жұмылдыру жүргізгенге дейін соғыс уақытының немесе соғыс жағдайының, не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың бастапқы кезеңіндегі міндеттерді орындауға кәсіби тұрғыда әзір болады, - делінген тұжырымдамада.
Бұдан бөлек, техногендік немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде бірінші кезекте резервтегі әскери қызметшілер жұмылдырылады. Яғни Қарулы күштердің әскерилері өздеріне тән емес функциялардан босатылып, жауынгерлік даярлығын жоспарлы түрде жалғастырады.

Министрлік заң жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қажет екенін атап өтті. Бірақ нақты сома көрсетілмеген.

Заң жобасының тұжырымдамасын қоғамдық талқылау 26 шілдеге дейін созылады.

Следующая →