Қаладағы мектептерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Қазір облыс орталығындағы орта мектептерде жөндеу жұмыстары қызу жүруде
Қала әкімі Жақсылық Омар бірнеше мектептерді аралап, жөндеу жұмыстарының барысымен жеке танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қаладағы жөндеу жасалып жатқан бірнеге нысанның жұмыс барысын көзбен көрген Өскемен әкімі Жақсылық Омар сын-ескертпелерін айтып, мердігер мекемеге жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Айта кетейік, биыл білім бөліміне қарасты 42 білім мекемесін жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 1, 5 млрд жуық қаражат қарастырылған болатын. Міне, қазіргі уақытта қаладағы бірқатар нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Следующая →
Қаладағы жөндеу жасалып жатқан бірнеге нысанның жұмыс барысын көзбен көрген Өскемен әкімі Жақсылық Омар сын-ескертпелерін айтып, мердігер мекемеге жұмысты жеделдетуді тапсырды.
- Біз апта сайын жөндеу жүріп жатқан мектептерді тексереміз. Ондағы мақсат - жөндеу жұмыстарының сапасы, одан кейін жұмыстың мерзімі, яғни, бекітілген уақытқа дейін мердігерлер үлгере ме дегендей. Себебі бұл - маңызды. 20 тамызға дейін барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, оқушыларды 1 қыркүйекте қабылдауға дайын болуымыз керек. Мектептердің ешқайсысында үлкен проблема жоқ. Себебі терезе, есік, қашаларды ауыстыру, аулаларды абаттандыру сынды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.