ҚР-да вице-министр, үш сот пен 60 шенеуніктің жемқорлығы әшкере болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов 2021 жылы ұсталған шенеуніктер туралы айтты
Олардың арасында вице-министр, судьялар, әкімдер мен олардың орынбасары бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жедел тергеу жұмыстары аясында 6 айда 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшы, оның ішінде вице-министр және үш судья бар. 7 өңірлік әкім мен олардың орынбасарлары әшкереленді.
Сыбайлас жемқорлық үшін басшылар жауапкершілігін күшейту шеңберінде бағынышты 33 лауазымды тұлға жазаланды, олардың үшеуі жұмыстан шығарылды. Бюджетке 15 миллиард теңге қайтарылды. Бизнеске заңсыз араласу бойынша 60 жағдай және көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасау бойынша 45 дерек анықталды. Жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 61 дерегі анықталды", - деді Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.
Оның айтуынша, статистика сыбайлас жемқорлық қылмыстары 35 пайызға - 1540-тан 1005-ке дейін төмендегенін көрсеткен.
Следующая →

- Семей орманы" резерватының бас директоры, оның екі орынбасары бастаған қылмыстық топ қызметі тоқтатылды. Олар орманды санитарлық тазартуға рұқсат беру үшін кәсіпкерлерден пара алу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта үш басшы да қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, қорғаныс министрлігінің қару-жарақ және қаржы басқармасының басшылары ұсталды, - деді агенттік бастығы.