Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің 66%-ы вакцина алды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы эпидемиологиялық жағдай мен вакциналау барысы туралы кеңес өткізді

Кеңес барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ШҚО аумағында өткен тәулікте КВИ-дің 82 жағдайы тіркелгенін, стационарлардан 24 пациент шығарылғанын, 12 симптомсыз адамның үй карантині аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сондай-ақ, спикерлер Шығыс Қазақстан облысы тұрақты «жасыл аймақтағы» төрт облыстың бірі екенін, ал ковидпен ауырғандар саны бойынша республикалық көрсеткіштерден едәуір төмен екенін айтты. 
- Қазіргі уақытта ШҚО-да сауда қызметкерлерінің 55%-дан астамы, медицина қызметкерлерінің 96%-ы, күш құрылымдарының 91%-ы, педагогтардың 83%-ы, студенттердің 49%-ы вакцина алды. Облыс аудандарында Жолаушылар тасымалы жүйесінің қызметкерлері 100% егілді. Өскеменде жүргізушілердің 28%-ы, Семейде 18% екпе алды. Жалпы, облыс бойынша қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, туризм және т. б. салалардағы қызметкерлердің 66%-ы вакцина алды, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігі.
Даниал Ахметов еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің (2021 жылғы 1 шілдедегі№ 31) жаңа Қаулысына сәйкес Қазақстанның барлық аймағындағы COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандардың (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысқа шығуы шектелетінін атап өтті. 

Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының әкімдеріне екі күнде қаулыда көрсетілген салалардың қызметкерлерін вакциналау кестесін әзірлеуді және вакциналаудың бірінші кезеңін 15-шілдеге дейін аяқтауды тапсырды. Әсіресе, Үржар, Глубокое және Алтай аудандарының жергілікті атқарушы органдары туризм саласына ерекше назар аударулары тиіс. 
- Өткен жылы Үржар ауданында туристерден ПТР-анықтаманы міндетті түрде талап ету керектігін енгізген кезде, бұл шараны кәсіпкерлер түсінбей қалған болатын. Бірақ, кейін ризашылықтарын білдірді. Былтыр ауданға 600 мыңға жуық турист келді. Бірақ, бірде-бір науқас тіркелген жоқ. Сондықтан, "Ashyq" арқылы рұқсат беру талабы қатаң сақталуы тиіс, - деді облыс әкімі.


Следующая →