Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазығұртта шетел азаматы біреудің көлігін айдап кетіп

Түркістан облысының полицейлері мас халде бөтеннің автокөлігін заңсыз басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған шетелдікті ұстады

Қазығұрт АПБ-ға жол-көлік оқиғасы болғандығы жөнінде хабар түскен. Полиция қызметкерлері хабар алысымен толық құрамда оқиға орнына жедел жетті. Яғни тас жолдардың бірінде Лада автокөлігінің жүргізушісі рульдік басқару жүйесін игере алмай жол жиегіне шығып, аунап кеткен. Жол апатының салдарынан автокөлік ішінде болған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен Қазығұрт ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал бір жолаушы сол жерде көз жұмған, , деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Автокөліктің жүргізушісі болса оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен.

Тәртіп сақшылары айналаның барлығын мұқият тексеріп, осы жайтты жасаған күдіктіні іздеуге бірден кірісті. Жақын маңдағы ауылдардың барлығын тексерді. Полиция қызметкерлерінің тындырымды еңбектерінің арқасында күдікті азамат көп ұзамай қолға түсті. Яғни полицейлер Лада жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарғаны үшін куәландыруға жеткізді. Нәтижесінде оның алкогольдік масаң күйі анықталды.

Көлік ішінде болғандардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Олар Төлеби ауданында бірге жұмыс жасап, үйлеріне қайту мақсатында тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен.

Аталған іс ҚР ҚК-нің 3 бірдей бабы бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Олар: 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу), 345-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу). Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.
Следующая →