Қазақстандық шенеуніктер жолдардың нашарлығына байланысты қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы азаматтардың шағымын тудыруда деп мәлімдеген болатын
Республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі мен жөнделуіне жауапты бірнеше лауазымды адамдар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ол Үкімет, әкімдер мен құқық қорғау органдары бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактілерінің алдын алуға және жол құрылысы саласындағы қолайсыз жағдайды түзетуге бағытталған шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.
Осыған дейін Президент елдегі жолдардың сапасысынгың сын көтермей тұрғаны туралы айтқан болатын.
Следующая →
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен жөндеудегі тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Осы саладағы бақылауды әлсіреткені үшін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармаков, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шакимов, И.Турков және Н. Қалауов қызметінен босатылды, - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында.
Ол Үкімет, әкімдер мен құқық қорғау органдары бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактілерінің алдын алуға және жол құрылысы саласындағы қолайсыз жағдайды түзетуге бағытталған шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.
Осыған дейін Президент елдегі жолдардың сапасысынгың сын көтермей тұрғаны туралы айтқан болатын.
- Елдегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайы азаматтардың шағымдарын тудырады. Жолдардың сапасыздығы жыл сайын жөндеуді қажет етеді. Сапасыз орындалған жұмыс мемлекет қаражатын тиімсіз жұмсауға әкеледі. Үкіметке, әкімдерге және құқық қорғау органдарына жағдайды түзету үшін жүйелі шаралар қабылдау және ол туралы есеп беру тапсырылды, - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.
Тақырыптар:
Плохие дороги Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев Пресс-секретарь Президента Казахстана Берик Уали