Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Алена Светлова
Алена Светлова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-дағы су қоймаларының бірінен 450 келі өлген мөңке сазаны табылды

Кеше "Зайсан-Ертіс өңіраралық бассейндік балық аулау инспекциясы" РММ Жарма ауданындаығ Шар көлінде балықтардың қырылғаны туралы хабарлама алды

Су қоймасы Шар қаласының маңында орналасқан және «Ақтайлақ» шаруа қожалығына бекітілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Көрнекі тексеру көрсеткендей, жағалау сызығынан 800 метр жерде өлі сазан табылды, - дейді  "Зайсан-Ертіс өңіраралық бассейндік балық аулау инспекциясы" РММ мамандары. - Балықтың мөлшері 16-дан 25 сантиметрге дейін, салмағы 110-дан 375 грамға дейін. Өлген су жануарларының жалпы көлемі 450 килограмды құрады. Балықтарда жарақат немесе ауытқулар болған жоқ, барлығы ыдырау кезеңінде болды.

Сарапшылар Шар көлінің маңындағы судың гидрологиялық деңгейі төмендегенін анықтады. 2008 жылмен салыстырғанда су қоймасының ауданы екі есеге азайған. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, балықтардың қырылуы көлдің таяз жерлерінің толық қатуына байланысты болған.

- Балықтар мұз еріген кезде мұзға қатып қалған. Балықтар  толқын мен желдің әсерінен жағаға шығып қалған, - дейді инспекциядағылар. - Химиялық құрамын анықтау үшін су қоймасынан су сынамалары алынды.
Следующая →