Қыз үшін өзіне қол салмақ болған қазақстандықты 1,5 сағат құтқарумен әуреленді
Өз-өзіне қол жұмсамақ болғанға дейін ішімдік ішкен 27 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жансүгіров көшесінде орналасқан жылу жүйесіің құбырынан секіріп кетпекші болған
Алматы аудандық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға орнына бірінші болып тәртіп сақшылары келіп жеткен, деп хабарлайды Tengrіnews тілшісі. "Төменге түс" деген полиция пәрменін елемеген мас тұрғынды көндіруге оның туған-туысқандары да тырысып бақты, бірақ ештеңе өнбеді. Оның өміріне қауіп туғызбас үшін жерге батут төселіп, тәртіп сақшыларының бірі "өмірден түңілген тұрғынды" әңгімеге тартып тұрғанда, инспектор қызметкері құбырға өрмелеп астаналық жетуге тырысты.
- Өзіне қол салмақ болған азаматқа едәуір жақын барған кезде, полиция оның қолынан шап беріп ұстап үлгерді де, екеуі бірге үрленген құтқару матрасына құлады,- делінген полиция басқармасының мәлімдемесінде.Артынша анықталғандай, нұрсұлтандық тұрғынның өзіне қол жұмсауына - сүйіктісімен айырылысуы себеп болған екен.
Следующая →