Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +33°
$
464.72
496.32
¥
64
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қостанай облысы карантинге жабылады

Қостанай облысы карантинге жабылатын болды. Келесі дүйсенбіден бастап қалаға кіріп-шығатын және ауданаралық жолдарға блокбекеттер қойылады

Қолында ПТР тест нәтижесі жоқ жолаушылар облыс аумағына жіберілмейді, ktk.kz сайты.

Ұшақпен ұшып келетіндер де коронавирус жоқ деген анықтама көрсетуге міндетті. Екі аптаға созылатын карантин кезінде тұрғындардың түнгі 21:00 ден таңғы 6-ға дейін көшеде бейсауыт жүруіне тыйым салынған. Өйткені өңірде эпидемиологиялық жағдай күн сайын нашарлап барады. Десе де, Шығыс Қазақстан облысы жұқпалы індет ошағына айналды. Мұндағы көрсеткіш әлі жоғары болып тұр. Бұл өңірде соңғы бір тәулікте 222 адамнан ауру анықталған. Ал ел бойынша бір күнде COVID-19 жұқтырған 494 науқас тіркелді. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны тағы 209-ға көбейді. Қос аурудан бір күнде 7 адам қайтыс болған. Осылайша соңғы тоғыз айда коронавирусқа шалдыққандар саны 115 мыңға жақындап қалса, өкпесі қабынғандардың саны 38 мың 490-ға жетті.

Следующая →