Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жас жігіт бір күнде екі рет өзін өлтірмек болған

Нұр-Сұлтанда бір күнде екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігіт құтқарылды

Нұр-Сұлтанда бір күнде екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған жас жігітті полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығына 14:20-да жас жігіттің Алаш тас жолы бойындағы көпір үстінен секіруге ұмтылғаны туралы хабарлама түсті. Куәгердің айтуынша, көпірден секірмек болған жігітті оны қасынан өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция экипажының қызметкері Данабек Сағындық пен Нұрбол Нұржігітов көпір қоршауының жиегінде төмен қарай секіргелі тұрған жігітті көрген.

Видеода әңгімеге тартқандай кейіп танытып жақындаған полицейлер санаулы секунт ішінде, жігітті ұстап, қауіпсіз жерге алып шықты.

Өзіне қол жұмсамақ болған 21 жастағы астаналық жігіт қосымша тергеу үшін Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оның эмоционалды жағдайын тұрақтандыру үшін психолог әңгімелесіп, кәсіби тұрғыда көмек көрсетілді.


Следующая →