Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айсулу Мухамедкалиева
Ақпарат көзі:
Устинка

КВИ екінші толқыны жүретін болса, дәрі-дәрмекті көптеп сатып алудың қажеті жоқ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдегендей, поликлиникалар қажетті дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылған және ауыр қалған жағдайда, учаскелік дәрігер қажетті препараттарды өзі жазып береді

Коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда шалғай ауылдағы тұрғындарға көмек көрсету мақсатында тиісті шаралар атқарылып жатыр. Бұл турасында Орталық коммуникациялар қызметінде  Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиниятқызы айтты. 

- Ауылды жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуы қажет. Президент тапсырмасы бойынша 100 жылжымалы медициналық емхана сатылып алынуда. Ол жерде тек терапевт дәрігерлер ғана емес, өзге де маман иелерін қамту көзделген. Коронавирусқа қарсы тексеріс жасайтын мүмкіндік толық жасалады, - дейді Ажар Гиниятқызы.

Ажар Гиниятқызы еске салғандай, ауырған адамдарға 5 препарат тегін беріледі. Дәрі-дәрмекті учаскелік дәрігер тағайындай алады. 

- Сондықтан коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда ешқандай дәріні сатып алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, ЖРВИ және пневмониямен ауырғандарға тегін 5 дәрі беру жағы да қарастырылған. Олар қызуды түсіретін, қабынуға қарсы препараттар және антибиотиктер, -  деді вице-министр.
Следующая →