ШҚО-да әскери қызметкер ауыр қылмысы үшін жауапқа тартылды
Біреудің пәтеріне ұрлыққа түскен ер адамды үй иелері ұстап алған
Оқиға 14 шілде күні Семей қаласындағы Солжағалау ауданында орын алған. Бірақ әскери антты бұзған Отан қорғаушыға қатысты әскери сот шешімі енді шықты
ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, мас күйінде бөтен үйге ұрлыққа түскен әскери қызметкерді жарты миллион теңгенің бағалы заттарын көтеріп шығып бара жатқан жерінен үй иесі ұстап алған. Ұрыны ұстап қалмақ болған әйелді ол ұрып жіберген. Шу шыққан соң зардап шеккен келіншектің ұлы мен көршісі жүгіріп келіп, ұрыны қолға түсіріп, полицияға табыстаған.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Следующая →

- Семей гарнизоны әскери сотының қаулысы бойынша 2020 жылдың 13 тамызында әскери қызметкер кінәлі деп танылып, шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылды, - дейді ҚР ІІМ ШӨ ӘТБ аға тергеушісі әділет подполковнигі Мейраш Қайрханов.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.