Бір тәулік ішінде КВИ жұқтырғандар саны Өскемен, Семей, Риддерде тіркелген
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 адам анықталды
Тәулік ішінде 21 жаңа жағдай тіркелді, оның 11-і ауру белгілері бар науқастар, 10-ы ауру белгілері жоқ науқастар.
ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 23 қыркүйек күні Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Тарбағатай, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Жарма, Абай аудандарында 21 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.
Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша:
Байланыста болған тұлғалар қатарын анықтау бойынша эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Сондай-ақ, тәулік ішінде пневмониямен ауырған 12 науқас тіркелді, оның 2 – Семей қаласы, 4 – Өскемен қаласы, 1 – Глубокое ауданы, 5 – Бесқарағай ауданы.
2020 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 4990 адам ауру белгілерімен, 3636 адам симптомсыз тіркелді. Жалпы науқастар саны – 8626. Сауығып шыққандар саны – 8357.
Следующая →

- 3 – Өскемен қаласы, Семей қаласы, Риддер қаласы;
- 2 – Абай ауданы, Глубокое ауданы, Алтай ауданы, Тарбағатай ауданы, Ұлан ауданы;
- 1 – Жарма ауданы, Шемонаиха ауданы.
- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 2 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 11 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 8 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды, - деп мәлімдеді мекемедегілер.