Семейде әкімдік қызметкерлерін әуреге салған "террорист" ұсалды
Қаланың әкімшілік ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыс кодексінің бабымен жауапқа тартылады
Естеріңізге сала кетейік, 27 тамыз күні 102 арнасына белгісіз біреу қоңырау соғып, Семей қаласы әкімдігінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қоңырау шалған 16 жастағы семейлік бозбала екен. Оның осындай тағы да екі жалған ақпарат тарату фактісіне қатысы бар болып шықты.
Мекеме мәлімдегендей, жасөспірім өз ісін мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Следующая →

- Тергеу шаралары барысында жасөспірімнің осындай тағы бір қылмысқа қатысы бары анықталды, - дейді департамент басшысы Сағат Мәдиев. - Ағымдағы жылдың 8 тамызында ол Шәкәрім даңғылындағы жер үйлердің біріне және сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы SMS-хабарлама жіберген.
Мекеме мәлімдегендей, жасөспірім өз ісін мойындады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.