Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Мешітте 15 минуттан артық отыруға болмайды

Шығыс Қазақстан облысындағы мешіттер арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істей бастады

Мешітке келушілер міндетті түрде бетперде тағуы қажет. Антисептік құралдарын пайдаланып, 2 метр арақашықтықты сақтауға міндеттеледі.

Мешітте жеке құлшылық жасауға, Құран оқытуға және неке қидыруға рұқсат етілген.
- Өңірдегі карантин ережелерін сақтай отырып, мешітте жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат етілді. Жамағатпен намаздар оқылмайды. Сондай-ақ, мешітте 15 минуттан артық бөгелуге болмайды. Әр 2 сағат сайын залдар залалсыздандырылып отырады. Ал Құран оқыту бөлмесіне 10 адамнан артық кіргізілмейді. Құран оқығанда имам міндетті түрде бетпердемен отыруы шарт. Тағы ескере кететіні, неке қидыруға келуші мұсылмандармен тек куәгерлер ғана болуы шарт. Яғни, 10 адамнан артық кірмеуі керек. Сонымен қатар, мешітте бес уақыт намаз бен жұма намазы шектетілді, - дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен аймақтық өкілдігінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы.
Оның айтуынша, мешітке дене қызуы 37 градустан асқан адамдар кіргізілмейді екен.
- Мешітке тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар кіргізілмейді. Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан қариялар, мектеп жасындағы балалар және әйел кісілердің үйде құлшылық жасағаны абзал. Қазір мешітте сақтық шаралары толық сақталуда. Яғни, кіре берістен дене қызуыңызды өлшетіп, антисептикпен қолыңызды тазартқан жағдайда ғана ішке кіре аласыз. Сондықтан Алла үйіне келуші жамағаттан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз, - дейді Берік Кәдіров.
Сақтық ережелеріне байланысты мешітте қол беріп амандасу құпталмайды. Барлық мешіт таңғы 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Демалыс күндері және мереке-мейрамдарда жұмыс істемейді. 

Следующая →