Қазақстанда маска бағасы 60 теңгеге дейін төмендейді
Бұрын төтенше жағдай енгізілген кезеңде елде жеке қорғану құралының құны 118 теңге деңгейінде белгіленген
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі отандық медициналық маскалар өндірушілерімен бөлшек сауда бағасын тауар бірлігіне 60 теңгеге дейін төмендету туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова.
Бюрабекова қазақстандық өндірушілер медициналық маскалар үшін шикізатқа импортқа тәуелді екенін түсіндірді.
Следующая →
- Фармацевтика өнеркәсібіне жетекшілік ететін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шикізаттың 20-25 есе қымбаттағаны туралы деректер берді. Сондықтан маскалардың құны бұдан бұрын (ақпан айында – ИФ-К) 15 теңге деңгейінде болған бағаға қайтарылмайды, - деп толықтырды вице-министр.
Бюрабекова қазақстандық өндірушілер медициналық маскалар үшін шикізатқа импортқа тәуелді екенін түсіндірді.
- Қазір Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарттар жасасу конкурсының қорытындысын шығарады және бізде отандық маска өндірушілер саны артады, - деп қорытындылады ол.