Қазақстан билігі құс тұмауына байланысты Ресеймен шекарада шектеулер енгізді
Бүгінгі таңда елдің солтүстік-батыс өңірлері ерекше қауіпті аймақта, мамандар H5N8 вирусының таралуына жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда
Бұған дейін Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметінің Челябі дирекциясы олардың аймағында құс тұмауының жаңа өршуі тіркелгенін хабарлады. Өлген құстардан алынған әр сынамада H5N8 вирусы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Следующая →
- Бұл ауыл шаруашылығы, синатропты және жабайы құстарға әсер ететін жоғары контагиозды, жіті өтетін вирустық ауру. Құс тұмауы мал басын жаппай қамтуға қабілетті, - делінген хабарламада.Осыған байланысты ҚР АШМ ветбақылау және қадағалау комитеті 4 тамыздан бастап Ресей шекарасына жақын маңда шектеу енгізді, атап айтқанда Ресей Федерациясының Челябі облысынан Қазақстан аумағына тірі құс, мамық, жұмыртқа, ет және құс өнімдерінің барлық түрлерін әкелу шектелінді. Қазақстан елге жануарларға арналған азық қоспаларының (жемдік химиялық және микробиологиялық синтезді қоспағанда) транзитіне тыйым салды. Сондай-ақ, таксидермиялық өңдеуден өтпеген аң аулау олжаларына және құстарды ұстауға, союға және кесуге арналған жабдықтарға тыйым салынады.