Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанның бас дәрігері Айжан Есмағамбетова көшелерде маска киюді міндеттеді

Жеке қорғану құралдарының жоқтығы үшін жеке тұлғаларға 83 340 теңге көлемінде айыппұл салынатыны белгілі

Бүгінгі күні жабық бөлмелерде маскалар кию міндетті. Жақында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова әрбір қазақстандық ұстануы тиіс жаңа қаулымен сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Қаулының бірінші тармағында Айжан Есмағамбетова республика азаматтарын дәріханаларда, дүкендерде, кеңселерде және басқа да үй-жайларда ғана емес, қоғамдық көлікте, тіпті, көшелерде де бетперде киюге шақырды. Құжатта бұл міндетті шара екендігі және кінәлілер ережелерді бұзған жағдайда жазаланатыны баса айтылған.

- Тұрғындар арасында инфекция қаупін азайту үшін жабық үй-жайлардан тыс (көшеде) қорғаныс маскаларын кию ұсынылады. Мақсаты - адамдарды ықтимал жұқтырған қолдарымен бет (мұрын, ауыз) бөліктеріне кездейсоқ тиюден қорғау, - деп жазады Sputnik Қазақстан.

- Жеке тұлғалар үшін айыппұл 30 АЕК немесе 83 340 теңгені құрайды. Егер айыппұлды бір апта ішінде төлесеңіз, онда 50% жеңілдік қолданылады және сомасы 41 680 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.
Следующая →