Сын сағатта Үржарлықтар береке-бірлігін танытуда
Еліміздегі жағдайға байланысты Үржар ауданының тұрғындар мен азаматтары қиын-қыстау кезеңде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, медициналық мекемелерге қолдау көрсетуде
Осы игі бастаманың аясында Үржар ауылында аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Мұхаметхан Ақпеков сынды азаматтың мұрындық болуымен және кәсіпкерлердің қолдауымен «Үржарға көмек» атты қайырымдылық қоры құрылған болатын.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, төтенше жағдай кезінде аудан азаматтары 12 ауылдық округті дәрі-дәрмекпен қатамасыз еткен.
Следующая →
- Жиналған қаражатқа 20 млн теңгенің құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектері алынып, ауруханаларға таратылды. Сонымен қатар, «Атамұра» корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммед Мақаншы ауданаралық ауруханасына 10 млн теңге көлеміндегі қаржыға оттегі концентраттарын, қорғаныш құралдарын және 1 млн теңге қаражатты «Үржарға көмек» қорына аударды. Ауданымыздың тумасы, кәсіпкер Құсман Шалабаев бұл бастамадан шет қалмай 1 млн теңге көлемінде өз демеушілігін көрсетті. Игі бастамаға ауданымыздан шыққан спортшылар да өз үлестерін қосуда. Атап айтсақ, ел намысын қорғап жүрген палуан Әсет Мәмбетов туған жері Алтыншоқы ауылын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. Көлденең ауылындағы «Юбилейный» ЖШС серіктестігі Үржар ауылында орналасқан ауданаралық аурухананың провизорлық бөлімінде ем қабылдап жатқан азаматтардың денсаулағын көтеру мақсатында қымыз және ет өнімдері таратылды, - деп жазды Үржар ауданды әкімдігінің әлеуметтік желісінде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, төтенше жағдай кезінде аудан азаматтары 12 ауылдық округті дәрі-дәрмекпен қатамасыз еткен.
- Аудан азаматтары 12 ауылдық округті дәрі-дәрмекпен қатамасыз етті. Атап айтсақ: Үржар, Мақаншы, Алтыншоқы, Елтай, Жоғарғы Егінсу, Көкөзек, Қарақол, Таскескен, Бақты, Қабанбай, Қаратұма ауылдарында орналасқан медициналық мекемелерге жалпы сомасы 40 млн теңгеге жуық қаражаттың медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектері табыс етілді. Сонымен бірге, «Халықтан халыққа» қайырымдылық қоры да үржарлықтарға демеушілік көрсетіп, медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектер түріндегі көмектерін жасап жатыр. Көңілі дархан, жүрегі жомарт азаматтарымыздың бұл бағыттағы жұмыстары өз жалғасын табуда. Қиын-қыстау сәтте қол ұшын созған азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз!- дейді аудан әкімдігі.
Тақырыптар:
Үржар ауданы