Қазақстан Таиланд, Грузия және Түркияға рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков әуе қатынастардың жандануы республикадағы және басқа елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенің мәлімдеді
Оның айтуынша, Қазақстан билігі Тайланд, Грузия және Түркияға рейстерді 10 тамыздан бастап қайта қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруда.
Рыспеков 20 маусым мен 4 шілде аралығында Түркияға ұшуға рұқсат берілген кезде, Түркия тарабы Қазақстаннан 600-ден астам туристті қабылдағанын атап өтті.
Следующая →
- Эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын ескере отырып, қазіргі уақытта бірқатар елдермен әуе байланысын қалпына келтіру мәселелері пысықталуда, оның ішінде тамыз айында Тайланд пен Грузияға рейстер ашылады деп жоспарланып отыр, - деді Рыспеков Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
Рыспеков 20 маусым мен 4 шілде аралығында Түркияға ұшуға рұқсат берілген кезде, Түркия тарабы Қазақстаннан 600-ден астам туристті қабылдағанын атап өтті.
- Өкінішке орай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды, - деді ол.