Bek Air жолаушыларға тоқтатылған рейстер үшін 5,9 миллион теңге қайтарады
Сот шешімі күшіне енгеннен кейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтарға ақшаны тез арада қайтаруға жәрдемдесетін болады
Сот Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Bek Air-ге берген екінші талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Комитет 177 билет сатып алған 81 адамның мүддесін білдірді. Талап арыздың сомасы - 5,9 миллион теңге. Сот шешімі күшіне енгеннен кейін әуе компаниясы ақшаны қайтара бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, Bek Air ұшағымен әуе апаты 27 желтоқсанда орын алған. Кеме Алматы маңында құлап, бортта 93 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған, 12 адам қаза тапты.
31 қаңтарда әуе компанияға талап қойылды. Негізі, Bek Air сатып алынған билеттер үшін ақша қайтармады.
Следующая →