Карантин уақытында Құрбан айт мейрамы қалай өтпек?
Биыл қасиетті Құрбан айт мейрамы 31 шілде күніне сәйкес келеді. Елдегі карантин жағдайында облыс тұрғындары айтулы мерекені қалай өткізбек?
Бұл сұраққа ШҚО облыстық мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатай жауап берді.
Қажының айтуынша, сайт іске қосылған, жұмыс істеп тұр. Құрбан шалуға мүмкіндігі жетпеген, қоғамдық орындарға құрбан шалуға бара алмайтын азаматтар сайт арқылы тапсырыс беріп, шалдыруына болады. Ауылдық жерлерде құрбан шалуға мүмкіндік мол, өзінің ауласында шала береді, еш қиындық жоқ. Бірақ қалалық жерлерде құрбан шалу мүмкіндігі азаятыны рас. Ондай азаматтар осы сайт арқылы тапсырыс беріп, малдың түрлерін таңдауға (қой, сиыр, ешкі, түйе), бағасына келісуге, жеке есепшоттарына келісілген соманы лақтырып, шалдыртуға болады.
Следующая →
- Құрбан айт мейрамы тек қана діни мейрам емес, халқымыздың дәстүріне, әдет-ғұрпына, тұрмыс-салтына айналып кеткен ұлы мейрам. Бұл күндері мұсылмандардың Аллаға жалбарынып, дұға-тілектерін жасап, құрбандық шалуы - қасиетті борышы саналады. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен құрбандық шалу пандемия жағдайына байланысты қашықтан тапсырыс беру арқылы өткізіледі. Және де діни басқарма мүшелері тұрғындардың құрбан шалуына үлкен мүмкіндік жасап, «Құрбан – 2020» деген сайт ашты, - деді ол.
Қажының айтуынша, сайт іске қосылған, жұмыс істеп тұр. Құрбан шалуға мүмкіндігі жетпеген, қоғамдық орындарға құрбан шалуға бара алмайтын азаматтар сайт арқылы тапсырыс беріп, шалдыруына болады. Ауылдық жерлерде құрбан шалуға мүмкіндік мол, өзінің ауласында шала береді, еш қиындық жоқ. Бірақ қалалық жерлерде құрбан шалу мүмкіндігі азаятыны рас. Ондай азаматтар осы сайт арқылы тапсырыс беріп, малдың түрлерін таңдауға (қой, сиыр, ешкі, түйе), бағасына келісуге, жеке есепшоттарына келісілген соманы лақтырып, шалдыртуға болады.
- Әгәрәки тапсырыс берушіге сойдырған малының есебі керек болса, сайттан фото және видео есептері жіберілетін болады. Бұл ретте тапсырыс берушінің мал сойылған жерге келуі міндетті емес. Қазіргі уақытта көп халықтың бір жерге жиналуы өте қауіпті. Алла тағала сабыр берсін. Көп ұзамай бұл індетті жеңіп шығарымызға сенемін. Қасиетті Құрбан айт мерекесі қабыл болсын, - деді Ермек Мұқатай.
Тақырыптар:
Құрбан айт