Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтіргендерге жауапкершілік күшейтілетін болады
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі карантин кезеңінде қазақстандықтар табиғатқа жиі шығып, көптеген қоқыс тастап кететінін атап өтті
Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша табиғатқа зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілгені жайлы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, табиғатқа деген мұндай көзқараспен аяусыз күресу керек, атап айтқанда, жас ұрпақты қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеп, заң бұзғандарға жаңа жазаларды енгізуге керек.
Следующая →
- Бүгін мен Президентпен сөйлестім, ол заң бұзушылықтар мен табиғатқа келтірілген зиян үшін жауапкершілікті күшейтуді және айыппұлдарды жоғарылатуды қайта қарауды тапсырды, - деді Мырзағалиев Нұр-Сұлтанда өткен брифингте. - Біз табиғатқа дөрекілікпен қараудың куәсі болдық. Ақтауда итбалықты ұрып-соғу, Бурабайдағы тау-тау болып үйілген қоқыс, Алматыдағы жаңартылған ботаникалық бақтаның жойылуы, Алматыдағы Қызыл кітапқа енген лотостарды мамыр күнгі мейрамдарда бақшалардан жұлып алып, мәз-мейрам болып, өздерінің Инстаграм парақшаларына салып қою, қызғылт, бірегей Көбейтұз көлінен тұзды сату, т.б. бәрін көрдік. Экологияны бұзған әрбір адамға тиісті шараларды қолданамыз.
Министрдің айтуынша, табиғатқа деген мұндай көзқараспен аяусыз күресу керек, атап айтқанда, жас ұрпақты қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеп, заң бұзғандарға жаңа жазаларды енгізуге керек.
Тақырыптар:
Наказание за вред экологии Министерство экологии геологии и природных ресурсов РК Нарушение правил