Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

2021 жылдан бастап мектептер мен балабалқшалар әкімдіктерге бағынбайды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгеретінін мәлімдеді

Бұл туралы ол Facеbook-тегі парақшасында жазды. 

- Білім беруді басқару органдары жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы – білім беру тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі. Сарапшылар аудандық, қалалық және облыстық білім басқармаларының өзара байланысы мен жұмыс жүргізу жүйесіндегі кемшіліктер туралы ұзақ уақыт бойы айтып келеді, - дейді Аймағамбетов.

Президенттің тапсырмасы бойынша тиісті Заң қабылданыпты.

- Енді 2021 жылдан бастап аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына беріледі, яғни бұл мектептер мен балабақшаларға да қатысты. Бұл – жалпы білім беру саласы үшін өте маңызды қадам, - деп жазды министр.

Айтуынша, халықаралық зерттеулер аймақтардағы білім сапасының әртүрлі екенін көрсеткен. Елімізде бірыңғай нормативтік құқықтық актілер, бірыңғай стандарттар мен талаптар болғанының өзінде өңірлердегі білім сапасындағы айырмашылық 2 жылдан асады.

- Егер білім беру ұйымдарын қаржыландыру мәселесіне көз жүгіртсек, онда да бір облыс ішінде диспропорцияны байқауға болады. Бұл, әсіресе, мектептерді жылыту маусымына дайындау, оқулықтармен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстары мен жаңа білім беру ұйымдарын салу кезінде байқалады, - дейді министр.

Бүгінгі жағдай мынадай: мектептер мен балабақшалар аудандық және қалалық білім беру бөлімдеріне бағынады, ал білім бөлімдері өз кезегінде аудандық немесе қалалық әкімдіктерге бағынышты. Ондағы басшылар аудан немесе қала әкімдерінің шешімі бойынша жұмысқа тұрады, қызметтен босатылады және мекемелер қаржыландырылады.

Ал облыстық білім беру басқармаларының заңды түрде және іс жүзінде де ешбір қаржылай, әкімшілік құзыреті болмағандықтан мектептер мен балабақшалардың дамуына айтарлықтай әсер етпейді.

- Облыстық Басқармалардың құзыретінде колледждер, дарынды балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 5-10 мектеп, балалар үйі, ПМПК бар. Бұл басқармалар өңірлердегі әкімдерге бағынады, әкімдіктерден қаржыландырылады. Сәйкесінше, басшыларын да облыс әкімдері тағайындайды, - деді ол.

Следующая →