Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Ауызсу тартылар күн алыс емес

Биыл Үржар ауданына қарасты бірнеше елді мекендер таза ауызсумен қамтылмақ. Атап айтар болсақ, Аманкелді, Саз, Үшбұлақ, Қызылжұлдыз ауылдары

Бұған дейін ауызсу азабын тартып келген ауыл тұрғындарының таза ауызсу ішетін күні алыс емес. 
- Ауданымызда су құбыр желілерін тартуға 526,026 млн теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны 2594,5 млн теңге болып, құрылысты 2022 жылы аяқтау межеленген. Сонымен қоса, ауданда 2020-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспары бойынша 2025 жылы өңірдегі 29 елді мекенді орталықтандырылған таза ауызсумен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда ауданға қарасты 24 ауыл ауызсумен қамтылған, - дейді Үржар ауданы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Амиргалинов.
Оның айтуынша, биыл ауданға қарасты Бестерек, Көктал, Сағат ауылдарындағы ауызсу тарту құрылыстарын аяқтап, Аманкелді, Саз, Үшбұлақ, Қызылжұлдыз сынды ауылдарға су тарту станциясын тарту жоспарланыпты. 
- Келер жылы Бақты, Қабанбай, Шолпан, Елтай, Ақжар, Жоғарғы Егінсу 
ауылдарында ауызсумен жабдықтау нысанын іске қосу жоспарлануда, - дейді Бауыржан Амиргалинов.
Айта кету керек, биыл Күршім ауданында да бірнеше елді мекен таза ауызсумен қалтылмақ. 
- Күршім ауданы бойынша 44 елді мекен бар. Оның 31 ауылы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында аудан бойынша Боран мен Қалжыр ауылдарында су құбырын тарту жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындар саны 50-ден 200 адамға жететін ауылдарда су тазартудың блоктық-модульдік станциясын орнату мақсатында биыл Қайнарлы, Күнгей-Бөкенбай, Теріскей-Бөкенбай, Бұғымүйіз, Оң жақ Қалжыр, Ұрынхай ауылдарында жұмыстар жүріп жатыр, - дейді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.
Қуанарлығы, бұған дейін ауызсу азабын тартып келген ауыл тұрғындары енді ауыз су үшін алаңдамайтын болды. Ескерте кетейік, орталықтандырылған су жүйесінің жоқтығынан тұрғындар бұл мәселені бірнеше мәрте көтерген болатын. 
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Үржар Таза ауыз су