Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 10 пайызын алуды ұсынады
Бұл қаражаттың көмегімен азаматтар қазіргі уақыттағы пандемия, экономикалық дағдарыс және қаржы тапшылығы кезеңінде жан сақтай алады
Бұл туралы БЖЗҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Евгений Сейпульник өзінің Facebook парақшасында жазды.
Следующая →
- Жалпы қорларға деген сенімсіздік, зейнетақы жарналарына салық ретінде қарау, елдегі экономикалық жағдай зейнетақы активтерін басқарудағы бірізділікті талап етеді, - дейді Евгений Сейпульник. - Жағдай бізді, ең болмағанда, қартайған кезге дейінгі жиналған жинаққа деген көзқарасты өзгертуге және оларды азаматтарымызға қаржылық қиындықтарды жеңуге көмектесетін әдіс ретінде қарастыруға мәжбүр етеді. Қысқасы, салымшылардың ақшасын зейнеткерлікке шыққанға дейін жинақталған қаражаттың 10% мөлшерінде пайдалануды ұсынамын.Қоғам қайраткері 10 миллионға жуық салымшының шоттарын есепке алу және дербестендірудің нәтижелі бағдарламалары болған кезде бұл ұсынысты іске асыру айтарлықтай қиындықтар туғызбауы керек деп атап өтті.
- Әр салымшының жинақ ақшасының 10% төлеу міндеттеме емес, оның құқығы ретінде қарастырылуы керек. Бірақ бұл біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін, - деді Евгений Сейпульник.Зейнетақы қорындағы ақшаны 10 пайызын алғанда нәтижесі мынадай болмақ:
- БЖЗҚ-дағы жинақталған қаражат 1,7 триллионға азаяды.
- Орта есеппен төленетін 42500 теңге 100 мың теңгеге дейінгі аралықта өседі.
- Ұлттық банк пен зейнетақы қорына деген халықтың сенімі арта түседі.
- Зейнетақы қоры жаңа сатыға көтеріледі.