Биыл ҚР Құрбан айтты қалай өткізеді?
Биыл Құрбан айт 31 шілдеге сай келеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров елімізде Құрбан айт мерекесі қалай өтетінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Ол өз сөзінде Құрбан айт мейрамы кезінде қатаң шектеу шаралары созылатын болса діни басқарма тиісті жұмыстарды қолға алатынын жеткізді.
Дегенмен ол шариғат құрбандық шалуды барлық адамға жүктемейтінін, тек жағдайы бар адамдарға ғана құрбандық шалу міндеттелетінін айрықша атап өтті.
Следующая →
- Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша, биылғы Құрбан айт, Алла қаласа, 31 шілдеге сай келеді. Дегенмен, оның нақты күнін 10 күн бұрын жариялап айтамыз, – деді ол.
Ол өз сөзінде Құрбан айт мейрамы кезінде қатаң шектеу шаралары созылатын болса діни басқарма тиісті жұмыстарды қолға алатынын жеткізді.
- Естеріңізде болса, Ораза айт кезінде карантинге байланысты айт намазы оқылмаған еді. Бұл жағдайда да шектеу шаралары созылатын болса айт намазын өкінішке қарай мешітте оқи алмаймыз. Алайда Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан орындаса да, тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Алла қаласа, біз оған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, бұл ретте жергілікті әкімдік тарапынан реттеу жұмыстары болады. Құрбандық шалу уақытына келер болсақ, биыл 31 шілде деп отырмыз. Сол күні таңнан бастап үшінші күні күн батқанға дейін құрбандық шалуға болады, – деді наиб мүфти.
Дегенмен ол шариғат құрбандық шалуды барлық адамға жүктемейтінін, тек жағдайы бар адамдарға ғана құрбандық шалу міндеттелетінін айрықша атап өтті.