ШҚО-да бірден үш ауданда дала өрті шықты
Үржар ауданындағы бес аумақта, Аягөз ауданы мен Семейде – Айнабұлақ ауылдық округінде құрғақ шөп өртенді
ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, өрттің шығуына халықтың абайсыздығы себеп болған.
Үржар ауданындағы Мақаншы ауылдық округіндегі "Жаңаөріс" аумағында және Елтай ауылдық округіндегі "Коммунизм жолы" аумағында шыққан өртті өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган мен шаруа қожалық қызметкерлері сөндірді.
Ал Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылдық округінде қурап қалған ағаштар тұтанып кеткен. Оған да жергілікті атқарушы орган мен құтқарушылар – барлығы 40 адам жұмылдырылды. Өрт аумағы – 20 гектар.
Осыдан кейін аудандағы Өркен ауылдық округінде де өрт шықты.
Семей қаласында да Айнабұлақ ауылдық округінде дала өрті шықты. 48 гектар аумақты шарпыған тілсіз жау жергілікті тұрғындар мн ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күшімен тоқтатылды. Бұл жерде өрт сөндіру қызметінің көмегі қажет болмады.
Дала өртін сөндіру тікелей жергілікті атқарушы орган міндеті болғанына қарамастан, өрт сөндірушілер 90% жағдайда көмекке келеді.
Следующая →