Қазақстандықтар Африкаға құдық салуға көмектескен
Қазақстандық екі азамат өздерінің достарымен бірігіп екі млн теңгеден астам ақша жинап, Орталық Азиядағы мектептердің бірінің балаларына ауыз су тартып беруге көмектескен
Еріктілердің бірі осындай ой оған 15 жыл бұрын келгенін айтады. Танысы Африкадағы шынайы өмірдің суреттерін көрсеткен екен. Онда Африкадағылардың ауыз суға қаншалықты мұқтаж екендіктері бейнеленген, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
Екі миллион теңге жинап, ұңғыма қазып, құдық тұрғызған. Бастапқыда су тұрғындардың барлығына қолжетімді болады деп жоспарлаған, бірақ арнайы құжаттар қажет болғасын құдықты тек Орталық Африкадағы мектептердің біріне орнатқан.
Сөз соңында қазақстандықтар құдықты қайырымдылық ретінде емес, білім саласын қолдау үшін салғандарын айтты. Олардың ойынша, тек білім ғана осындай аштық пен жоқшылық мәселесін шеше алады.