Мерекелік демалыстағы түнгі ауысымда істеген жұмыс үшін жаңаша ақы төленеді
Енді кезекшіліктің реті мейрам демалысына қараған түні түссе, онда жалақы түнгі сағаттарға бөлек және мейрам мен демалыс күндерінің сағаттарына еселенген мөлшерде, күнделікті (сағаттық) мөлшерден бір жарым еседен кем емес мөлшерде төленеді
Сондай-ақ, айыппұлдың мөлшері төлемақы бойынша міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшеріне негізделіп есептеледі және төлем жасалмаған жағдайда айыппұл төлемдер жасалуы тиіс келесі күннен бастап төлем күнімен аяқталатын әрбір күнтізбелік күн үшін салынады. Айыппұл тек жалақыға ғана емес, сонымен бірге қызметкерге тиесілі барлық сомаларға есептеледі.
Егер қызметкер жұмыстан заңсыз шығарылған жағдайда, оның жалақысы, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдері және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да төлемдері сақталады. Ескерте кетейік, бұрын тек жалақы ғана сақталған.