Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Хабар24

6 жасар қазақстандық бала өзінің ерекше қабілетті жадымен таң қалдырды

1-сынып оқушысы карантин уақытында 252 елдің астанасының аттарын жаттап алған және осымен тоқтап қалмақ емес


Ерекше баланың есімі Жігер Берікбайұлы, ол Батыр ауылының тумасы, деп жазады  Хабар 24 сайты. Ата-анасының айтуынша, бірде қыдырып жүріп байқап қалған атлас Жігердің қызығушылығын тудырған. Осыны байқаған ата-анасы оған әлем картасын сыйлаған. Бұл картаны сүйсіне меңгерген Жігер бір ай ішінде 252 елдің астана атауларын жаттап алған.

Енді вундеркинд үшінші әлемнің елдері мен өз әскері жоқ мемлекеттер туралы мәліметтерді де меңгергісі келеді. Жігер өзі айтқандай, қызықтырған елдердің бірі -  Зимбабве, әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі. Ол осындай елдер туралы көп білгісі келеді. 

Жігер оқитын мектеп директорының айтуынша, ол өзгелерден білімге құмарлығы ерекшеленеді. Мұғалімдері тіпті оны олимпиадаға дайындамақ. Ал әжесінің сөзіне сүйенсек, немесері әлеуметтік желіде өзінің танымдық парақшасын ашып алып, блок жүргізетін көрінеді.
Следующая →