Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Еліміздің Тұңғыш Президенті баршаға зор денсаулық, күш-қайрат пен бақ-береке тіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Құттықтау сөз Елбасының ресми сайтында жарияланды.

- Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! 1992 жылы 7 мамырда мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойдым. Тәуелсіздік алған сәттен бастап біз еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қарулы қақтығыстардың алдын алуға, Қарулы күштерді дамыту мәселелеріне әрдайым ерекше мән бердік. Қуатты және қабілетті армия ­– егемен елдің маңызды атрибутының бірі. Қазақстан армиясы заман талабына сай қару-жарақпен жабдықталған. 
Тұрақты түрде оқу-жаттығу ұйымдастырылып отырады. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөліп келеміз. Әскерилер бейбіт заманға лайық ерлік танытып, алдына қойылған барлық міндетті абыроймен атқаруда. Қазіргі таңда олардың көбі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, пандемияға қарсы іс-шаралардың алдыңғы шебінде коронавирус індетімен күресіп жүр.
Қадірлі Отан қорғаушылар, туған өлкенің тыныштығын абыроймен күзетіңіздер. Жауапкершілік, әділдік пен партиотизмнің жарқын үлгісін көрсете беріңіздер. ­Біздің ортақ борышымыз – халқымыздың басты құндылықтары болып саналатын бірлікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау. Мерейлі мереке құтты болсын, ардақты отандастар! Баршаңызға зор денсаулық, күш-қайрат пен бақ-береке тілеймін!
Следующая →