Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Tengrinews.kz

"Қазақстандықтарды чиптейді": Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы мектеп оқушыларын чиптеп жатқанға ұқсайтын деректі фильмнің үзіндісі пайда болған

Ал Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz сайты.

- Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде халықты жаппай вакцинациялау және чиптеу туралы фотосуреттер мен аудио хабарламалар тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Осыған байланысты мен барлық азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді материалдарға сеніп қалмауға және сенімді ақпарат көздері таратқан мәліметтерге сенуге шақырғым келеді. Жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар жауапкершілікке тартылатындығын еске салғым келеді, - деді Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық мектеп оқушыларын чиптеп жатқаны туралы видео тараған. Онда чиптің арқасында ата-аналар балаларын қашықтан басқара алатындығы, тестті АҚШ үкіметі қаржыландыратыны айтылады.
Следующая →