Студенттер 42 500 теңге ала ма?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жоғарғы оқу орнында білім алатын студенттер 42500 теңге ала ма деген сұраққа жауап берді
Министр студенттер қандай жағдайда әлеуметтік көмек ала алатындығын айтты
Следующая →
- Студенттер - кәмелетке толған еліміздің азаматтары. Елімізде 16 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген. Көптеген студенттер сабақтан тыс уақытта жұмыс істейді, әсіресе, мейрамханаларда, сауда орталықтарында қызмет жасайды. Төтенше жағдайға байланысты олар да табысына айырылып жатыр. Сол себепті олар да 42 500 теңгеге өтінім жасай алады. Студенттің шәкіртақы алуына тексеріс жасамаймыз. Оларға жеке-дара ережелер қарастырылмаған. Сондықтан қазақстандықтардың барлығына бірдей талаптар қойылады. Егер сіздің атыңызға бірыңғай жиынтық төлем аударылса немес өзіңіз төлесеңіз, сізге де жәрдемақы тағайындалады, - деді Нұрымбетов.