Семейде азық-түлік дүкенін тонап кетті
Дүкенге ұрлыққа түскен қаскөйдің көздегені - кассадағы ақша. Ақшаны ала сала өз жұмыстарына бет алмақ болған оның жолын тәртіп сақшылары кесті
46 жастағы дүкен иесі Полицияға 21 наурыз күні шағымданған. Оның айтуынша, дүкенге келген белгісіз ер адам ашық түрде кассадағы ақшаны алып кеткен.
- Оқиға орнына дереу патрульдік полиция жасағы жеткен. Дүкен орналасқан ауданды торуылдау барысында күдікті азамат қолға түсті, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі. – Патрульдік көлікті көрген ол қашып құтылмақ болды.
Бірақ тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні қолға түсіріп, полиция бөлімшесіне жеткізді. Ол өз әрекетін мойындап, ұрланған ақшаны қайтарып берді.