Қазақстанда сотталушыларға туыстарымен кездесуге тыйым салынды
16 наурыздан 15 сәуірге дейін елімізде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай бар.
Қазақстанның түзеу мекемелерінде жаңа коронавирустың пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында бірқатар алдын-алу шаралары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ІІМ-нің порталы.
ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта пенитенциарлық мекемелерде қызмет ететіндер мен жазасын өтеп жатқан адамдар арасында жеке гигиена ережелерін сақтау және коронавирустық инфекцияны болдырмау жөніндегі шаралар кеңінен таралған.
Следующая →

- Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған және тергеу барысында қамауға алынған адамдар үшін мәдени-көпшілік шаралар өткізуге тыйым салынады. Шектеу шараларын түсіндіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде елде төтенше жағдай кезінде сотталғандардың туыстарының келуіне тыйым салу да бар, - делінген хабарламада.