Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтөбеде коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкері болып шықты

29 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында "WhatsАpp" әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тексеру іс-шараларын жүргізу барысында дауыстық хабарды таратқан әйелдің жеке басы анықталды. Ол фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы болып шықты.

- Жауап алу кезінде ол қасақана жалған ақпаратты тарату фактісін мойындады. Қазір облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің сотқа дейінгі тергеуін бастады. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының полиция департаменті жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Следующая →