Қарағандыда тегін такси қызметі іске қосылады
Қарағандыдағы бірнеше такси парктері «Тегін такси» еріктілер жобасына қатысуға келісті
Жоба аясында соғыс және тыл ардагерлері, жалғызілікті зейнеткерлер және көпбалалы отбасылар таксимен тегін жүреді. Тапсырыс берушілердің өтініштерін еріктілер штабы қабылдайды, деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, "Асыл Мұра" жобасының аясында еріктілер тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге көмектеседі.
Ал "Мейірім" жобасы балалар үйінің тәрбиеленушілерін қоғамға бейімделуге, болашақ мамандығын таңдауға жәрдемдеспек.